Бес тігіншінің қызметін бір машина атқаруда – Мәслихат депутаты
«Президенттің өзі айтқандай, қазір «көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталды. Демек, кәсіпкерлік пен басқа да жаңа салаларды дамытқан жөн. Бұл орайда Ұлт Көшбасшысы өнеркәсіптік революция элементтерін енгізуді ұсынып отыр. Яғни, агроөнеркәсіп пен кәсіпкерлік бағытында тың технологияларды енгізу қажет. Мәселен, өзім қолға алған жеңіл өнеркәсіпте бес тігіншінің қызметін бір машина атқарады. Бұдан тұрғындарға жұмыс табылмай қалады деп қорықпау керек. Керісінше, адами факторды азайтып, ресурстарды үнемдеген абзал», - деп атап өтті облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Бекқожиева.
Оның айтуынша, «Қазақстанда жасалған» брендін де дамыта түсу керек.
«Жасыратын несі бар, кәсіпкерлер шикізатты өндіруге қауқарлы болғанымен, оны өңдеуге келгенде қиналып жатады. Айталық, егін егу бір бөлек те, одан алынған өнімді өңдеп, әдемі қалбырға салып, халыққа ұсыну күрделі мәселе. Сол секілді, сүтті сауып қоймай, одан өнім жасауды да табысты бизнес көзіне айналдыруға болады. «Қазақстанда жасалған» брендін Атырауда ілгерілетуге еш кедергі жоқ. «Бизнес бастаймын» деушілерге мемлекет барынша қолдау танытып отыр», - дейді ол.