» » Жұртшылық ауқымды өзгерістер күтіп отыр – Нұр Отан

Жұртшылық ауқымды өзгерістер күтіп отыр – Нұр Отан

Өткен жылы «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығы республика аумағы бойынша 1 600 респондент пен демократиялық күштер коалициясының сарапшылары арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижесінде Қазақстан халқының 40,4%-ы кең ауқымды өзгерістерді қалайтыны белгілі болды. Алайда, бұл өзгерістер саяси мәселелерге қатысты емес.

«Елбасы өз Жолдауында «Көл-көсір мұнайдың дәуірі» аяқталып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан елімізге дамудың жаңа жолдарын іздеу қажет. Ол өндіріске төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу арқылы жүзеге асырылуы керек. Біз жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша, халық арасында «елімізге кең ауқымды өзгерістерді қажет» деген пікірді 40,4%-ы ұстанады. Ал 37,2% респондент «Өзгерістер қажет. Бірақ ол шамалы болуы керек» деген көзқараста. Тіпті «Ешқандай өзгерістер қажет емес» дегендер де болды. Олардың үлесі – 8,9%», - деді Юлия Кучинская брифингте.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығының директоры халық елде саяси өзгерістерді
емес, экономикалық өзгерістерді қалайтынын атап өтті.

«Сауалнама барысында біз азаматтардан «олардың өзгерістерге қаншалықты дайын екенін» сұрадық. Мен назарларыңызға ұсынған сауалнаманың қорытындысына сәйкес, еліміздің саяси жағынан дамуы ең жоғарғы көрсеткішке, яғни 72,6 балл екенін айттым. Егер логикаға салсақ, мұнда мәселе саяси өзгерістерге қатысты болып тұрған жоқ. Мұндағы мәселе еліміздің экономикалық дамуымен байланысты. Яғни халықтың экономикалық өзгерістерді қалайтынын көрсетеді», - деді Кучинская.


Дәурен ЕРБОЛАТ
15 қаңтар 2018 ж. 1 002 1

Гость Jeaplause от 15 наурыз 2019 11:20
Cialis 10 Compresse Orlistat Indications buy viagra Cialis 2.5mg Review Viagra Canada Cialis Levrita

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930