» » Lexus, Toyota, Audi: Астана әкімдігі қымбат көліктерден бас тартты

Lexus, Toyota, Audi: Астана әкімдігі қымбат көліктерден бас тартты

ФоÑо:pcmag.comЕлорданың әкімдігі қандай көліктерден бас тартқанын және темір тұлпарларды қайда жіберетінін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ. Қалалық биліктің айтуынша, бөлімнің балансында түрлі брендтердің автокөліктері: Skoda Superb мен Octavia; Kia Cerato, Quoris, Mohave, Cadenza; Toyota Camry; AudiA8; үш Lexus LX болған.
Әкімдік бас тартқан көліктер әртүрлі әлеуметтік және ведомстволық мекемелерге жіберілген.
Олардың қатарында полиция, "Елордалық Даму", "Жаснұр", экономикалық бөлім, театрлар, перинаталдық, оңалту және басқа да медициналық орталықтар, балалар үйлері, колледждер, мектептер, прокуратура, кітапхана, тұрғын үй қоры, мемлекеттік мұрағат, клиника бар.
Бұдан бұрын Астана әкімдігі ресми көліктерден бас тартқаны белгілі болған екен.
Енді қала басшысы мен оның орынбасарлары, округтер басшылары және барлық лауазымды адамдар жұмысқа қажеттілік туындаған кезде такси көмегіне жүгінеді.
11 қараша 2018 ж. 699 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31