ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ПОЛИЦИЯ КӨЛІГІ
Абу-Даби жол полициялары Rolls-Royce Phantom атты су жаңа көліктерге ие болды. Құны жарты миллион еуроны құрайтын бұл көліктерді қала ішінен қылмыскерлерді құрықтауға пайдаланбайтыны белгілі. Тек халық көп шоғырланған орындарда және атаулы шараларда ғана патрульдік мақсатта қолданылатын болады. Сонымен қатар, полициялардың бұл көлікке ие болуының басты мақсаты – құқық қорғау органдарының халық арасындағы мәртебесін көтеріп, олардың жауапкершілігін арттыру.
Сәні мен салтанаты жарасқан Абу-Дабидің құқық қорғау органдары қымбат көліктерсіз елестету қиын. Осыған дейін Bugatti Veyron, Aston Martin One-77, Mercedes-Benz SLS AMG, Lamborghini Aventador, Audi R8, Nisan GT-R, Ferrari FF, BMW M6 GranCoupe, Bentley Continental, Lexus RC Ғ сынды көліктер полиция қызметкерлері үшін қызмет ететін еді. Енді, олардың қатарына жаңа көлік қосылды. Rolls-Royce Phantom көлігі 6,75 литрлі V12 қозғалтқышымен жұмыс істейді. Және беріліс автоматты қорап арқылы беріледі.
Massaget.kz