» » 60 теңгеге қымбат: Еліміздегі арзан жанармай Ресейге көптеп тасымалданып жатыр

60 теңгеге қымбат: Еліміздегі арзан жанармай Ресейге көптеп тасымалданып жатыр

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізден жанармайдың көптеп шығарылып жатқанын мәлімдеді. Ол көршілесі Ресейге сатылады екен. Себебі ондағы жанармай бағасы біздегіден 60 теңгеге қымбат. Өз кезегінде бұл елімізде жанармай тапшылығы туындауына алып келуі мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

60 Ñеңгеге ÒÑмбаÑ: ÐлÑмÑÐ·Ð´ÐµÐ³Ñ Ð°Ñзан жанаÑмай РеÑейге көпÑеп ÑаÑÑмалданÑп жаÑÑÑ

Жанармайды жоғары бағаға сатқысы келген кәсіпкерлер оны цистерналармен көршілес Ресейге тасып жатыр. Себебі ол жақта жанармай бағасы біздегімен салыстырғанда 60 теңгеге қымбат. 2019 жылдан бастап Ресейде дизель отынының бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Сондықтан бұл жағдайды ушықтырып, елімізде жанармай тапшылығын тудыруы ықтимал.

Өз кезегінде энергетика министрі жанармай тапшылығына жол бермей, мәселенің шешімін табу үшін шекараны бақылауға алып, кәсіпкерлерге дизель отынын сыртқа тасымалдауға шектеу қою керектігін айтты.

«Әрине, бұл қиын болады. Өйткені біз Еуразия экономикалық одағының құрамындамыз. Бірақ екі елдің Үкіметі бірігіп, мәселені шешеміз деп ойлаймын. Ал осы бірінші жоспар іске аспай қалса, бағаны Ресейдікімен теңестіруден басқа амал қалмайды. Ол кезде дизель отынының литрі -250, бензиндікі 240 теңге болуы ғажап емес», – дейді Қанат Бозымбаев.

Stan.kz 
16 қараша 2018 ж. 518 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930