Елімізде байланыс операторларының тарифі арзандайды
Еліміздегі байланыс операторлары тарифтерді төмендететін болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
«2018 жылы 23 қарашада министрлікте үлкен кеңес өткізіп, оған бүкіл операторды шақырдық. Байланыс операторлары өздері бастама көтерді. Яғни, әлеуметтік тариф жасауға мүмкіншілік бар», – дейді вице-министр.Тұяқовтың сөзінше, «Қазақтелеком» бұл тарифті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізбек. Оның құны 3 499 теңгені құрайтын болады. Бұл алдыңғы тарифтен 5 пайызға арзан. Аталған топтамадағы Интернеттің жылдамдығы секундына 10 Мбитті құрайды. Сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша шектеусіз қоңырау шалуға болады.
«Транстелеком» компаниясы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 пайыз жеңілдік жасауды ұсынды. Жалпы, аталған оператордың тарифі өте төмен. Ауыл тұрғындарына 529, ал қалалықтарға 797 теңгені құрайды», – дейді Дарын Тұяқов.
Сондай-ақ, «Қазтранском» операторы байланысқа алғаш рет қосылған абоненттерге 50 пайыз, абонеттік төлемге 10 пайыз жеңілдік жасайтын болады. Оған қоса интернет төлемінің құнын 15 пайызға арзандату жоспарлануда.
Stan.kz
Пікір 1