» » Сізде ескі қағаз ақша бар ма? Олардың бағасы қанша екенін біліңіз

Сізде ескі қағаз ақша бар ма? Олардың бағасы қанша екенін біліңіз

Қолыңызда теңгенің ескі банкноттары болса, антиквариатты сатып, ақшаның өз құнынан көп соммадағы қаржыға ие бола аласыз, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

ÐÒÑа

Ғаламторда Абылай хан, Әбілқайыр, Әл-Фараби, Құрманғазы, Абай, Шоқан бейнесіндегі 1993 жылы шығарылған 1, 3, 5, 10, 20, 50 теңгелер саудаға салынған. Егер қолыңызда әлі де ескі банкнот бар болса, купюраларды сатып, ақша жасасаңыз болады.

Теңгенің тарихынан сыр шертетін ескерткіштерді саудаға салатындардың ішінде алып-сатарлар да, коллекционерлер де бар. Солардың бірі 10 теңгелік Шоқан бейнесіндегі купюраны сататын Жан есімді жарнама беруші.

«Коллекционермын. Теңгелерді жинап жүргеніме 5 жылға жуықтады. Біраз уақыт бұрын бұл купюраны да ғаламтордан сатып алғанмын. Қазір 2000 теңгеге саудаламақпын. Банкнот өте жақсы сақталған», - дейді ол.
ÐбÑлай Ñан

аÒÑа

Сурет: olx.kz

Ғаламторда мұндай жарнамалар жетіп артылады. Ішіндегі ең қымбат ақша 100 теңгелік Абылай хан бейнесі. Оның құны – 3 000 теңге. Мамандардың айтуынша, бұндай купюралар отансүйгіш, мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға, сонымен қатар, коллекционерлерге таптырмас сыйлық. Оған қоса, болашаққа салым жасаудың бір түрі екен. 

Ескі құнды қағаздармен бірге жұрт арасында ерекше сұранысқа ие Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мерейтойлық банкнот. Оның ерекшеліктері мен құндылықтары жайлы иесі 16 жастағы оқушы Данэль айтып берді.

«Ол 100 000 данамен шыққан. Оның қазіргі бағасы 15 000 теңгені құрағанымен, алдағы уақыта құны көтеріле бермек. Өйткені мерейтойлық банкнот өте үлкен сұранысқа ие. Осыдан біраз уақыт бұрын ол құнды болмаған, міне бағасы өз көрсеткішінен елу пайызға қымбаттап отыр», - дейді ол.
денÑги

денÑжаÑа
Сурет: olx.kz

Тәуелсіз Қазастанның ақшасымен қатар, Кеңес Үкіметі кезіндегі купюраларды сақтап, сатып алатындар да бар екен.  Рубльдерді сатылымға шығарған Сүлеймен атты 38 жастағы коллекционерге мұндай құнды қағазды атасы берген көрінеді.

«Менің теңгелерді жинауыма атам септігін тигізді. Қызығушылығым сол уақыттан басталған. Алайда қазір коллекциямды саудаға салдым. Кеңес Үкіметі кезіндегі банкноттардың әрқайсысының бағасы – 1000 теңге», - дейді ол.

25 сәуір 2019 ж. 1 224 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930