» » Қазақстанда жаңа тиындар айналымға шығарылды

Қазақстанда жаңа тиындар айналымға шығарылды

Қазақстанның Ұлттық банкі 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік жаңа тиындарды айналымға шығарады, деп хабарлайы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ÒазаÒÑÑанда жаңа ÑиÑÐ½Ð´Ð°Ñ Ð°Ð¹Ð½Ð°Ð»ÑÑÒа ÑÑÒаÑÑладÑ

26 сәуірден бастап 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік тиындар айналымға шығарылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 сәуірде тиындардың дизайнын мақұлдаған. 

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы №162-VI ҚРЗ ҚР Конституциялық заңына сәйкес, елтаңбаға өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес, мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН» деген сөз латын графикасының негізіндегі әліпби пайдаланыла отырып QAZAQSTAN деп орындалды», - делінеді хабарламада. 

QAZAQSTAN деген жазуы бар елтаңбаны пайдалану туралы талап 2018 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы теңге тиындары дизайнының міндетті элементі болып табылатындықтан, Ұлттық банк 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген айналымдағы тиындарды айналымға шығару туралы шешім қабылдады, олардағы жазулар латын графикасының негізіндегі әліпби пайдаланыла отырып мемлекеттік тілде орындалған», - дейді Ұлттық банктегілер.

Айналымдағы тиындардың сырт жағында QAZAQSTAN деген сөзі бар елтаңба бейнеленген, сондай-ақ шығарған елді білдіретін QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазу бар. 

Айналымдағы тиындардың бет жағында тиын номиналының цифрлық бейнеленуі, сондай-ақ ұлттық валютаның TEŃGE деген атауы мен шығарған банк атауының қысқартылған белгісі QUB (Qazaqstan Ulttyq Banki) бар мәтіндік жазулар орналасқан.
 
2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 100 теңгелік айналымдағы тиындардың қырында JÚZ TEŃGE деген жазу бар.

«Айналымдағы тиындардың техникалық және заттай өлшемдері: массасы, диаметрі, қалыңдығы, металл құймасы өзгеріссіз сақталған. Төлем терминалдарын және басқа да кассаны қосымша қайта теңшеу талап етілмейді», - дейді банктегілер.

Сонымен қатар Ұлттық банк ескі және жаңа үлгідегі айналымдағы тиындар заңды төлем құралы болып табылатынын және барлық төлем түрлері бойынша қабылдануға міндетті екенін атап өтті.


26 сәуір 2019 ж. 978 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031