» » Қазақстан проблемалы несиелер саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты

Қазақстан проблемалы несиелер саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты

Әдетте мемлекет біткен сан-саладан бірінші болуға тырысады ғой. Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сай бізде жуырда жаңа рекордқа қол жеткіздік. Ол қандай рекорд дейсіз ғой? Қазақстан проблемалы кредиттердің саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты.

ÒазаÒÑÑан пÑÐ¾Ð±Ð»ÐµÐ¼Ð°Ð»Ñ ÐºÑедиÑÑеÑдÑÒ£ ÑÐ°Ð½Ñ Ð±Ð¾Ð¹ÑнÑа Óлемде бÑÑÑнÑÑ Ð¾ÑÑнÒа ÑÑÒÑÑ

Біздегі несиелердің 31 пайызы жұмыс істемейді екен. Қуанатын жағдай емес, әрине, десе де ақиқат осы. Мұндай жағдайға не үшін тап болдық? Тығырықтан шығудың тетігі қандай? Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Біздің елдегі борышкерлердің банк алдындағы қарызы 6 трл теңгеге жетіпті. Бұл дегенің орташа есеппен кредит алған әр азаматтың мойнында қазір шамамен 900 мың теңге берешек бар деген сөз. Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырсақ 4% - ға артық.

"Енді қазіргі таңда мынау Ресей ақпараттарын қарасақ, ТМД мемлекеттерін қараған кезде біз мынау ең бастапқы 5 мемлекеттің ішіндеміз. Ол мынау Ресейдің өзі бірінші орында, Белорусь, Латвия, Қазақстан және Украина. Енді бұл жерде Украина мемлекетін есепке алмай-ақ қойсақ болады. Өйткені ол жердегі экономикалық жағдай туралы өзіңіз де білесіз", - дейді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталықтың атқарушы директоры Талғат Тұрсынбаев. 

Посткеңестік елдер арасында қарыз алудан алғашқы бестікке енетіндей бізге не көрінді. Сөйтсек басым бөлігі, нақты айтсақ 60 пайызы, тұтынушылық несие алыпты. Ол әлгі той-томалағың, ішіп-жеуің, шүберегің, майда-шүйде тауарың тағысы тағы. Қысқасы, кредиттің осы түрі 20 пайызға өсіп, 360 млрд теңгені құраған. Бұл кезінде бізбен бірге бір шекпеннің ішінде болған кей мемлекеттермен салыстырғанда анағұрлым жоғары.

"Жаңа басында айтып кеткендей Белорусь, Латвия дедік. Латвияның ішінде тұтынушылық несие бөлімі ол 40 пайыздан аспайды. Қалған 20 пайызы ол оқу алуға жоғарғы білім алуға арналған несиелер. Бұл деген өте жақсы көрсеткіш болып саналады. Өйткені оқуға алған мен тұтынушылық несиенің айырмашылығы неде? Оқуға арналған несиелер дегеніміз ол сіздің болашағыңызға салынып жатқан несиелер", - дейді Талғат Тұрсынбаев. 

Есесіне, елде ипотекалық несие көлемі болса өсіп жатқан жоқ. Ия, жалпы несие өспей жатыр деген ақпардың өзі қуанышты жаңалық қой. Бірақ дәл осы жағдайда емес. Өйткені ипотекалық несие өспей жатыр дегенше елдегі басты проблема шешілмей жатыр десеңші. Ал, баспана мәселесі, басқа қаланы қайдам, әсіресе, бас қалада өткір тұрғанын жақсы білеміз. Түйткілдің шешілмеуіне тұтынушылық несиенің артып отырғандығы бірден-бір себеп дейді мамандар.

Ол былай ғой. Сіз, банкке келіп үй алмақ боласыз. Банк ережеге сай сіздің несие тарихыңызды тексере бастайды. Сосын, кешіріңіз, сіз мына бір жерден той өткізу үшін бәленбай мыңға кредит алыпсыз, ана бір жерден сатып алған техникаңыз тағы бар деп, арқаңыздан қағып, бір-екі жылы сөзін айтып, шығарып салады. Мұндай тығырыққа неге тіреліп тұрмыз? 

"Бұның себебі неде? Себебі, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы. Мысалы экономика қарайтын басты көрсеткіштің бірі нақты қаражат. Бұның өсу қарқыны кей статьяларға сүйенсек жылма-жыл 4 пен 11 пайыздың аралығы. Ал, тұтынушылық несиені қарасақ, 25-30 пайыз. Жылда өседі", дейді Талғат Тұрсынбаев. 

Яғни несиенің пайыздары өсіп, жүрдек пойыздай жеткізер емес. Ал тұрғындардың табысы сол күйі қалып отыр. Демек, асықпасаң арбамен де қоян аласың деген нақылдың үкімі бұл жерде жүрмейді. Бүгінге осы және есіңізде болсын. Теңге тиыннан құралады.

Stan.kz
03 мамыр 2019 ж. 589 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930