» » Қазақстан балалар арасындағы суицид бойынша жетінші орынға шыққан

Қазақстан балалар арасындағы суицид бойынша жетінші орынға шыққан

tvk-uko.kz

Қазақстан балалар арасындағы суицид көрсеткіші бойынша жетінші орында тұр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл статистиканы растап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Балалардың өзіне қол жұмсауы қоғамда үлкен үрей тудыратын тақырып. Соңғы кездері әлем бойынша балалар арасындағы суицид артып келе жатқанын статистика көрсетіп отыр. Балалардың өзіне қол жұмсауына қоғамда және отбасында көретін қорлықтары себеп болады екен.
Жыл сайын әлемде 44 миллион балаға түрлі сипаттағы күш көрсетілсе, 18 миллион бала сексуалды қорлықтан жапа шегеді екен. Психологтардың айтуынша, бала кезінен мұндай психологиялық жәбір көрген бала суицидке ұзақ дайындалады екен.

"Бала кемсітушілікке, қорлау, зорлауға тап болуы мүмкін. Ол балалық шақта ескерілмей, жасөспірім шақта ашыла бастайды. Мұндай жағдайлардың жиілеуі, біздің алдыңғы қатарда тұрғанымыз, елімізде экономикалық-әлеуметтік мәселелердің қордаланып, күрделенгенін көрсетеді", - деді психолог Айсұлу Молдабек.

Әлем бойынша өз еркімен өмірімен қош айтысатын балалар саны жағынан алғашқы ондыққа Ресей, Латвия, Бельгия, Финляндия, Молдова және Украина елдері кіреді екен.
Қазақстан балалар суициді бойынша жетінші орында тұр. Жыл басынан бері елімізде 5 пен 17 жас аралығындағы 134 бала өзіне қол жұмсаса, 294 бала суицид жасауға талпынған екен.
Осы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ балалар қорымен арнайы жобаны енгізіпті. Жоба бойынша мүғалімдер пен мектеп психологтардың біліктілігін арттыру үшін олар кәсіби мамандардан тәлім алады екен.
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы Жұлдызай Әлиева осы жоба жайында айта кетті.

"Олармен қалай жұмыс істеу керегін, қалай әңгіме жүргізу керегін, дер кезінде қандай көмек беру керегі айталады..Мәселе ушыққан жағдайда оны қай жаққа бағыттау керегін талқыланып, мамандарды кәсіби тұрғыдан дайындайды", - деді Жұлдызай Әлиева.


https://kaz.nur.kz

28 қараша 2018 ж. 714 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930