» » «Зорлық зомбылықсыз, балалық шақ»

«Зорлық зомбылықсыз, балалық шақ»

«Бала дегеніміз – болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген» - деп Абай атамыз айтқандай, мына тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланыелдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегіұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтан да әрбір қараша үйдің түтін түтеткен ата – ана көздің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттердімүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. Осы орайда біздің №124 орта мектептің бастауыш сыныптарда, сынып жетекшісі«Зорлық зомбылықсыз, балалық шақ» - атты тәрбие сағатын өткізді..
Оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәні үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл тәрбие сағатын 4 б сынып жетекшісі Сыздықова Баян апайөте жоғары дәрежеде өтті.
Оқушылар «Сен, мен және бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранды ұстанып, үш топқа бөліне жұмыс жасады.Оқушылар өз пікірлерін былай жеткізді: Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде – қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер бақытты болып, өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені іздемей жатып – ақ, копьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол бақытты уайым қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жүретіндер бар. Бұл қоғамның ащы да болса шындығы. Зорлық – зомбылық құқықта «Бір адамның екінші адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы»яғни осы зорлық – зомбылықтардың түрлері төмендегідей болады.
- эмоциялық зорлық-балағаттау , қорлау , сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
 - отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп қатер – отбасын тастап кетем деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу; әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
«Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.
Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасындағы адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Егер бала отбасында дұрыс, жақсы өнегелі тәрбие алса, онда бұлда зорлық – зомбылықтың іс деп ойлаймыз.
Әрқашан өамымызщды ойлап жүретін абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жету үшін жанын қиюға дайын тұратын ана. Ана баласының үлгілі азамат болуы үшін бар күшін салып, таер төгеді. Ананың махаббатына, құдыретіне талай ақын ән жазып, әнін арнап, талай жазушы қалам тербеген. Біздің ойымызша ата-ананың көмегі, қадағалауы уақыт бөлуі балаға жеткілікті болса, онда бұлда зорлық зомбылықты жою әдісі деген ойға келіп отырмыз. Отбасы табиғат силаған кереметтердің бірі. Жеке адамның ар-ұятын , ақыл ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Отбасы өте қажетті басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Науқан мақсаты: балаларға қатысты зорлық - зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру.
1924 жылы – Ұлттар  лигасының Женевада Бала құқықтарытуралы декларациясы  қабылданған 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияландыҚазақстан Үкіметі 1994 жылы БалаҚазақстан Үкіметі 1994 жылы БалаҚазақстан Үкіметі 1994 жылы Бала құқықтары туралыКонвенция ратификациялады құқықтары туралы Конвенция ратификациялады  құқықтары туралыКонвенция ратификациялады
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы
Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. «Зорлық – зомбылық» түсінігі :
Физикалық: итеру, жұлмалау, алақанмен     жұдырықпен немесе басқа да заттармен ұру;
Психологиялық: ауызша тіл тигізу; бопсалау; өзіне қатысты немесе басқалардың тарапынан қоқан лоқы күш көрсету, қорқыту; бақылауға алу;
Эмоционалдық: оның намысына тие отырып, орындауына мәжбүрлеу;
Экономикалық: балалардытәрбиелеуден бас тарту;
Балалар еңбегін қанау: еңбек етуге мәжбүрлеу, құлдық, бопсалаушылық.

Турсунова Баглан Хазиреталиевна  
№124 орта мектеп психологі
25 наурыз 2018 ж. 3 001 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 797

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031