» » Көпбалалылар 2020 жылдан бастап салықты азырақ төлейді

Көпбалалылар 2020 жылдан бастап салықты азырақ төлейді

© orinfo.ru

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасы 62 712 мөлшерінде салық шегерімін алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Отбасының табысы осындай соманы көрсетсе, салық салынбайды, осылайша бұл отбасының табысын арттырады. Ата-анасының біреуі ғана жұмыс істесе, шегерімнің ең жоғары мөлшері 60 099 теңге болады. Жұмыс істейтін ата-ананың әрқайсына 31 356 теңгеден шегерім жасалады. Бірақ ата-анасының екеуіне де есептегенде шегерім жылына 736 866 теңгеден аспауы тиіс, бұл отбасы табысының жылына шамамен 73 мың теңгеге ұлғаюын көрсетеді. 

Өзгерістер салық кодексінің 347-бабында көзделген, ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап осындай болады: 

1. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі ата-анасының екеуіне де қатысты қатысты болады. Оның мөлшері күнтізбеде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайды, ол келесі тәртіптегідей болады: 

1) көпбалалы отбасындағы бір ата-ана үшін ай сайын 23 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) көпбалалы отбасындағы әрбір ата-анасы үшін ай сайын 12 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Салық шегерімі 2020 жылдың 1 қаңтарында отбасында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала болса қолданылады. Ол үшін балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесін алып келіп, ақпаратты растау керек. 

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, қаржы министрінің бұйрығымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін салық шегерімдерін қолдану туралы жеке тұлғаның өтінішті толтыру нұсқасы бекітілген. Бұл өтінішті жұмыс берушіге беру керек.



06 мамыр 2019 ж. 746 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930