» » Арыс қаласы бір айда толығымен қалпына келтіріледі - Үкімет басшысы

Арыс қаласы бір айда толығымен қалпына келтіріледі - Үкімет басшысы

Арыс қаласы 1 тамызға дейін толығымен қалпына келтіріледі. Бұл туралы қаланы қалпына келтіру бойынша өткен республикалық комиссияның отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жағдаймен танысу үшін Арыс қаласына келген Премьер-Министр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге снарядтардың жарылысынан қираған нысандарды аралап көрді. Бұл - тұрғын үйлер, 4 қабатты аурухана ғимараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы және И.Журба атындағы мектеп. Үкімет басшысы сондай-ақ, үйлеріне оралған арыстықтармен кездесіп, оларға мемлекеттен қажетті барлық көмек көрсетілетінін атап өтті.
Кейін А.Мамин халыққа қолдау көрсету шараларын талқылауға арналған республикалық комиссияның отырысына қатысты. Оның сөзінше, тұрғындардың әрқайсысына 100 мың теңгеден беріледі. Сондай-ақ Министрлер кабинетінің басшысы қала толығымен бір айдың ішінде қалпына келтірілетінін мәлім етті.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Жаңа аурухана бой көтеріп, 4 мың бала жазғы лагерьлерде демалады. Ең бастысы, қалада орналасқан әскери арсенал алдағы екі аптаның ішінде басқа жерге көшірілетін болады.
30 маусым 2019 ж. 661 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031