» » «Бизнес-ортаны дамыту және сауда-саттық қызметін реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»

«Бизнес-ортаны дамыту және сауда-саттық қызметін реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»

Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті                     2019 жылғы 2 сәуірде «Бизнес-ортаны дамыту және сауда-саттық қызметін реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданғанын хабарлайды.
Заңға коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу функциясын әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру бойынша түзетулер енгізілді (норма 2019 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі).
 Осы Заңмен Азаматтық, Бюджеттік, Кәсіпкерлік, Салық кодекстеріне, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Шаруашылық серіктестіктері туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Әділет органдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Банктер және Қазақстан Республикасындағы банк қызметі туралы», «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға коммерциялық ұйымдардың функцияларын Мемлекеттік корпорацияға беру бөлігінде түзетулер енгізілді.
Атап айтқанда «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға түзетулер енгізілді:
Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар:
- «Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады;
- Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеу) өткізген кездегі, олардың қызметінің тоқтағанын мемлекеттік тіркеген кезде, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеген (қайта тіркеу) және есептік тіркеуден алған кездегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзыреті;
- Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін мемлекеттік бақылау;
- Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалардың қызметінің тоқтауын мемлекеттік тіркеу, есептік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеуден алу кезінде Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленуі тиіс басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексімен (Салық кодексі) анықталған тәртіпте тіркеу алымы алынады.  Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері бұдан тыс.
- коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша тіркеуші орган жүзеге асыратын қызметтер бағасын антимонополиялық орган мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің келісімі бойынша орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталатын өкілетті орган белгілейді.
 - заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметі келесі жағдайларға сәйкес бір уақытта мәжбүрлі тәртіпте тоқтатылуы тиіс: бизнес-сәйкестендіру нөмірін алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте тіркеуші органға жүгінбеген; салық төлеуші ретінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген. Қызметті мәжбүрлі тәртіпте тоқтату заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізген органның арызы бойынша сот тәртібінде жүргізіледі. Заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастаусоттың заңды күшіне енген мәжбүрлі түрде тарату туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

А.Алтынбек
Жалағаш аудандық Әділет басқармасының инспекторы
23 сәуір 2019 ж. 1 001 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930