"Оқу ақысы көтеріледі ме?": Білім және ғылым министрлігі жауап берді
"Ашығын айтайын, бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Министрліктің ондай жоспары жоқ", - деді ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, Мұхамеджан еліміздегі жоғарғы оқу орындарының көбісі жекеменшік екенін еске түсірді.
"Мемлекетімізде 131 ЖОО бар, олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейді. Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды", - деді ол.
Айта кетейік, министр кеңесшісінің сөзінше, Қазақстандағы ЖОО-ның орташа құны 350-420 мың теңгені құрайды.