» » 13:36 ІІМ Қасымовты отставка жіберу туралы ұсыныстарға пікір білдірді

13:36 ІІМ Қасымовты отставка жіберу туралы ұсыныстарға пікір білдірді

РаÑид ÐаÒÑпов. СÑÑеÑ: NUR.KZ
Рашид Жақыпов. Сурет: NUR.KZ

Бүгін Астанада Денис Теннің өлімін зерттеуіне қатысты брифинг өтіп жатыр. ІІМ министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Қалмұханбет Қасымовтың қызметінен кетуі жайлы қоғам белсенділерінің ұсынысына қатысты жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанадағы баспасөз-конференциясы кезінде журналистер Қасымовтың БАҚ өкілдерімен неге өзі келмегенін сұраған еді.

"Сіздер ІІМ министрі емес, менің келгеніме ренжіп қалмаған шығарсыздар?", - деді Жақыпов.

"Біз ренжуліміз. Неге министр Қасымовтың өзі келмеді?", - деп тіл қатты журналистер.

"Мен ол кісінің неге келмегенін түсіндіріп өтейін. Министрдің отставкаға кетуіне байланысты айтайын. Сіздер мұндай құзыреттіліктің ІІМ жоқ екенін түсінетін шығарсыздар. Сондықтан бұл сұраққа қатысты менде нақты жауап жоқ.Біздің министр қызметтік іссапармен жүргендіктен, сіздердің алдыларыңызға келе алмады. Келгесін журналистер мен қоғам белсенділерімен кездесіп, барлық сұрақтарға министр көзқарасымен жауап беретін болады", - деді Жақыпов.

Сондай-ақ, ол Алматы қалалық ІІД басшысын жұмыстан шығару жөніндегі сұраққа жауап берді. Шенеунік министрліктің қазір тексеріс жүргізіп жатқандығын айтты.


24 шілде 2018 ж. 817 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 078

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031