Головкин журналистерге: Мені «Канело» туралы сұрақтармен мазаламаңыздар
Геннадий Головкин БАҚ өкілдеріне өтініш білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Журналистер Геннадий Головкин Ванес Мартиросянмен ашық жаттығу өткізіп жатқан кезде одан Сауль «Канело» Альварестің алты айға спорттан шеттетілуіне қатысты пікір сұрады. GGG өз кезегінде бұл сұрақтарға жауап беруден бас тартып, дәл қазір тек 5 мамыр күні өтетін кездесу туралы ойлап жүргенін жеткізді.
Baq.kz сайтында жарияланған.

«Мен, тіпті, ол туралы ойламаймын, оның кім екенін де ұмыттым. Ол спортқа қайта оралып, өзінің таза екенін дәлелдеген жағдайда ғана сөйлесейік. Әзілдеп тұрғаным жоқ, жігіттер, мен бұдан кейін «Канелоның» допинг мәселесіне қатысты пікір білдіргім келмейді. Қазір менің бар назарым Ванеспен өтетін кездесуде. Одан да сол туралы сөйлесейік», - деді Головкин.Қазақстандық спортшы мен Мартиросян бүгін бетпе-бет кездесті.
«Мен дәл осындай мүмкіндікке ие болғаным үшін бақыттымын. Мен, тіпті, Головкинмен жұдырықтасуға мүмкіндік аламын деп ойламаппын. Іштей мен алыппен кездеседі деп ойлап тұрғаныңызды білемін. Бірақ мен оны жеңгім келеді. Бокста көп нәрсе командаңдағы адамдарға байланысты. Дон Кингтің мені қанатының астына алғаны үшін бақыттымын. Ол маған «Тізімде Triple G бар. Сен онымен кездескің келе ме?» деп сұрады. Мен бірден келісе кеттім. Онымен жұдырықтасуға дайынмын. Ол маған шабуыл жасаса, мен де лайық жауап қайтарамын. Бұл сіздерді таңғалдыратын ерекше тартыс болмақ. Головкин екеуіміз жеңіс үшін таласатын боламыз», - дейді Мартиросян.Естеріңізге сала кетсек, аталған жекпе-жек 5 мамыр күні Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласында өтеді.
Baq.kz сайтында жарияланған.