» » Головкиннің 5 мамыр күні өтетін жекпе-жегінің орны ауысты

Головкиннің 5 мамыр күні өтетін жекпе-жегінің орны ауысты

Танымал Boxrec.com сайты қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің 5 мамырға жоспарланған жекпе-жегінің өтетін жерін атады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 5 мамыр күні Сауль Альвареспен Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде жекпе-жек өткізу керек болған. Алайда «Канело» допинг дауына байланысты кездесуден бас тартты.
Енді GGG келесі жекпе-жегін АҚШ-тың Калифорния штатында, Лос-Анджелес қаласына қарасты Карсон қаласында өткізеді. Отандасымыз 27000 адам сыйатын StubHub Center аренасында жұдырықтасады.
Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 17 қыркүйегінде өтіп, тең нәтиже тіркелген болатын.
Қазіргі таңда Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге бес боксшы үмітті. Алайда ешқайсысының есімі әзірге аталған жоқ.

qsport.kz

11 сәуір 2018 ж. 987 1

Гость Jeaplause от 20 ақпан 2019 16:13
Viagra Giallo Cialis Generico Donde Comprar viagra pfizer online Acide Clavulanique Grossesse Omnicef Cvs Online Chlamydia Medicine