» » Головкинді айыптай бастайтынын 5 жыл бұрын айтқан едім - Абель Санчес

Головкинді айыптай бастайтынын 5 жыл бұрын айтқан едім - Абель Санчес


Қазақстандық Геннадий Головкинді жаттықтыратын америкалық бапкер Абель Санчес Sky Sports басылымына берген сұхбатында тәлімгерлерінің кез келген допинг тексерісіне дайын екенін айтады.  Ақпанның басында Головкин қарымта жекпе-жек өткәзу керек болған мексикалық Сауль "Канело" Альваретің қанына кленбутерол атты допинг табылған. Боксшының командасы мұны тамаққа қолданған еттің зақымдануымен түсіндірді.  "Бес жылдай бұрын Том Леффлерге (Головкиннің промоутері) Геннадийдің бокстағы жолында адамдар оны айыптай бастайтын кезең келгенін айтқам. Мен қажетті тестілерді өтуге өзіміз ынта білдіре алатынымызға көз жеткізгім келді.

Менің залым олар қалаған кез келген тестке дайын. Алғашқы жекпе-жекте тест мерзімі 45 күн болған еді. Осы жолы 90 күн болуын қаладым, көрермендер тыйым салынған ештеңенің жоқтығына, біздің мүмкіндіктеріміз тең екеніне көз жеткіззсін деген ниетпен", - дейді Санчес.  Мұның алдында Санчес Альваресті тергеу толық тексеруді талап еткен. Өйткені Головкиннің қанынан допинг табылған жағдайда мексикалықтың командасы жекпе-жектен бірден бас тартатын еді деген ой айтқан.  Головкин - "Канело" қарымтасы 5 мамырға белгіленген. Өтетін орны ретінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасы тағдалған. Әзірге жекпе-жекті шегеру немесе болдырмау туралы ресми хабар болған жоқ. 
14 наурыз 2018 ж. 769 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031