» » Көріпкел әйел Головкин –"Канело" жекпе-жегі қалай аяқталатынын айтты

Көріпкел әйел Головкин –"Канело" жекпе-жегі қалай аяқталатынын айтты

"Головкин – Альварес" реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Мексиканың танымал экстрасенсі әрі астрологы Мони Виденте Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz
"Мен мынаны көріп тұрмын: бұзылған етпен немесе онсыз болсын, "Канело" бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді", — деді Виденте. 
Егер Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) мексикалық боксшыға қанынан тыйым салынған зат (кленбутерол) табылуына байланысты санкция қолданбаса, "Головкин — Альварес" реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді. 
Айта кетсек, Виденте қос боксшының 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жегіне де болжам жасаған еді. 
"GGG — өте мықты қарсылас, сондықтан "Канело" абай болуы керек. Ол сенің әр қимылыңды мұқият зерттеп жүр, кейін жекпе-жекте ең мықты қаруын қолданады. "Канело" 11-раундта қарсыласынан басым түседі, сосын төрешілер шешімімен жеңіске жетеді", — деген еді Мони.
sputniknews.kz
11 наурыз 2018 ж. 1 104 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930