» » "Канелоның" тағы екі допинг-сынағының нәтижелері белгілі болды

"Канелоның" тағы екі допинг-сынағының нәтижелері белгілі болды

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында тапсырған тағы екі допинг-сынағының нәтижесі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайердің мәліметі бойынша, Альварестің 3 және 5 наурызда тапсырған допинг-сынағының нәтижесі кленбутеролдың және басқа да тыйым салынған заттардың болмағанын көрсетеді. Еске сала кетейік, осыған дейін Альварестің допингпен ұсталғаны хабарланған болатын. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған екен. Кейінірек допинг-сынақтан өте алмаған Альваресті өмір бойына спорттан шеттету ұсынылған болатын. "Кленбутерол - жеңіл препарат емес, еттен келді дей алмайсың. Бұл Амстердамда қаныңнан марихуана шығып тұрса да, тәтті наннан деп ақталғандай күй. Препарат майды жойып, бұлшықет массасын өсіреді және демалуға көмектеседі. Мұны қасақана қабылдасаң, қатты зақым келмейді. Өмір бойына шеттету", - деп жазған еді ирландиялық боксшы Эрик ДонованTwitter желісінде.
09 наурыз 2018 ж. 877 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930