» » Ақмола облысы тас жолында үш көлік бірдей апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

Ақмола облысы тас жолында үш көлік бірдей апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды


Ақмола облысындағы автожолда үш бірдей көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты деп хабарлайды Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Алматы-Екатеринбург тас жолының 1093-шы шақырымында Ягодное елдімекеніне жақын маңда орын алған.
Бұл жерде бірден үш автокөлік - "ВАЗ-2115", Volkswagen Golf және Mercedes ML-320 соқтығысып қалған.
Қайғылы оқиға салдарынан алты адам жан тапсырып, тағы алтауын ауруханаға жеткізді.
Қазіргі уақытта құрбандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталуда.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын білу үшін тексеру жүргізуде.



https://kaz.nur.kz
09 шілде 2019 ж. 555 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 726

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031