Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды
Алматы облысында BMV және Opel Vectra автокөліктері соқтығысып, салдарынан 8 адам қаза тауып, біреуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.ЖКО 20 тамызда таңертеңгі уақытта Алматы-Екатеринбург тас жолының 385-шақырымында, Жамбыл ауданының Үлкен аулының маңында орын алған. Көліктердің соқтығысуы салдарынан, олардың біреуі өртке оранған.
Көз жұмған 8 адамның ішінде 1 кішкентай бала бар. Көлік апатынан бір әйел ғана аман қалған. Ол түрлі жарақатпен Қарағанды облысы Приозерск ауруханасына жеткізілді.
Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі аталған ақпаратты растап, ЖКО фактісіне байланысты ҚР ҚК 345-бабы, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
«Адамдардың қаза тапқаны есепке алынып, аталған факті бойынша тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды», – дейді полиция ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Оқиғаға қатысты түрлі сараптама тағайындалып, тергеушілер тиісті шараларды атқарып жатыр.
Stan.kz
Пікір 2