Түркістан облысында көлік апатынан 3 адам көз жұмды, 15 адам жарақаттанды
Түркістан облысында жантүршігерлік көлік апаты болды. Үш адам мерт болды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Оқыс оқиға Рабат ауылының маңында болды. Жолаушылардың 15-і жарақаталып, 3-уі көз жұмды.
Куәгерлердің айтуынша, «Мazda» жеңіл көлігі мен «Sang Yong Istana» микроавтобус соқтығысқан. Жеңіл көлік автобустың артынан соққан. Жеңіл көлік жүргізушісі тілге келместен көз жұмды. Бір әйел жолаушы жедел жәрдем көлігінде, үшінші әйел жолаушы ауруханада мерт болды. Зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.
«Үш науқас аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы екі жолаушы травматология бөлімшесінде ем қабылдауда. Төрт адамның жарақаттары жеңіл болуына байланысты алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылды», – деді Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Алмас Байбеков.
Қазір апаттың себебі тексеріліп жатыр.
http://stan.kz

Пікір 2