Маңғыстауда түлектер мінген автокөлік аударылып қалды
Дүйсенбі күні түнде Таушық ауылындағы мектептердің бірінің түлектері отырған автокөлік аударылып қалды. Оқыс оқиғаның нәтижесінде бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы lada.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Мектеп бітіруші түлектер мінген автокөлік теңіз жағалауында аударылып қалған. 27 мамырда түн ортасында ХМО жедел жәрдем қызметіне Таушық медициналық бөлімінен қоңырау келіп түскен.
«Апат кезінде көлікте болған төрт түлек алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін үйлеріне болатылды. Ал, жарақат алған бір бойжеткен нейрохирургия бөліміне жіберілді», – деді шұғыл медициналық көмек бөлімінің бастығы Ғалым Жұмағалиев.
Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Гельман Чагайдың айтуынша, жәбірленуші өзіне келіп, есін жиған.
«Науқас жеңіл бассүйек-ми жарақатын алған. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – деді ол.
Дәрігерлер, жарақат алған қыздың жағдайы қалыпты деп бағалауда.
http://stan.kz