470 млн теңге жұмсалмақ: Сағынтаев тұңғыш президент саябағын жөндеуді тапсырды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданын аралап жүріп тұңғыш президент атындағы саябақтағы субұрқақтарды жөндеуден өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Объекті 2010 жылы іске қосылып, соңғы рет 5 жыл бұрын жөндеуден өткізілген. Осы уақыт ішінде субұрқақ жұмысында ақаулар пайда болған. Мамандар бастан-аяқ жөндеу жұмыстары қажет екенін айтады.
«Тұңғыш президент атындағы саябақ – тұрғындар үшін ерекше жер. Алматылықтар бұл жерге келіп қыдырғанды жақсы көреді. Әсіресе, субұрқақты ұнатады. Ол әрдайым жарқырап, музыка қосылып тұратын. Тұрғындар бұрынғыдай ләззатқа бөлене алуы үшін әкімдік жөндеу жұмыстарына ақша бөлді. Келесі жылы субұрқақ жұмыс істейді деген ойдамын», - дейді Eco Almaty ЖШС жетекшісі Жанна Асанова.
«Сұңқар» шаңғы трамплинінің аумағы үлкен спорт кешеніне айналды. Бұл жерге тағы да аспалы көпір салынбақ. Сондай-ақ, ол субұрқақты жөндеу жұмыстарына 470 млн теңге бөлінгенін айтты.