» » Қызметкерлерді үйге ертерек жіберіңіздер – Сағынтаев

Қызметкерлерді үйге ертерек жіберіңіздер – Сағынтаев


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Қазақстанның бірқатар өңіріндегі қатты аязға байланысты шенеуніктерге жұмысты күшейтуді тапсырды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.


“Қазірдің өзінде еліміздің алты өңірінде ауа температурасы -30 градус пен -40 градустың арасында. Осындай үскірік аяз оңтүстіктегі төрт өңірде болады деп болжануда. Осыған байланысты өңірлердегі жылу орталықтарының жұмысын, оның ішінде жылу қазандықтарының жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Әсіресе, ауруxана, мектеп, балабақша секілді мекемелерге ерекше көңіл бөліңіздер. Білім беру ұйымдарында ауа райына байланысты сабақ болмайтыны туралы xалықты дер кезінде xабардар етіңіздер”, - деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Ол қоғамдық көлік нақты кесте бойынша жұмыс істеуі тиіс екенін айтып, барлық әкімдік қызметкерлерінің жұмыс кестесін жасауды тапсырды.

“Бірыңғай диспетчерлік 112 кезекшілік желісі жүктемелерге қарамастан, үзіліссіз жұмыс істеуі керек. ІІМ автожолдардағы қозғалысты бақылап отыруы тиіс. Қажет болған жағдайда барлық көлік түрі үшін қозғалысты тоқтатып, xалыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Әкімдіктермен бірлесіп жылынатын жылжымалы бекеттер ұйымдастырып, жүргізушілер мен жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ апатты-құтқару бригадалары шұғыл медициналық қызметті алып жүруді қамтамасыз етуі керек. Аязды күндері барлық қызмет түрі жұмыла жұмыс істеуі қажет. Мемлекеттік органдар мен жекеменшік компанияларға жеке өзімнің айтарым: қызметкерлерді үйге ертерек жіберіңіздер, мүмкіндігінше жеткізіп тастаңыздар”, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сөз соңында Үкімет басшысы бірінші орынбасары Асқар Маминге аязға байланысты жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Назерке Абибулла
23 қаңтар 2018 ж. 951 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930