» » 2019 жылдан бастап нөлінші сыныптар латын әліпбиінде оқуы мүмкін

2019 жылдан бастап нөлінші сыныптар латын әліпбиінде оқуы мүмкін


«Жолдауға байланысты министрліктің ұстанымдарын айтып өтейін. Ең бірінші мектепке дейінгі білім бойынша 0-сыныпқа байланысты... Бізде 0-сынып 2019 жылғы оқу жылынан басталатын болған. Оқулықтар дайын, сараптамадан өтіп жатыр. Біздің ойымызша, 0-сыныпты бірден латын әліпбиінен бастап кету керек. Себебі, 2019 жылы 400 мыңға жуық балаға оқулықтарды кирилл қарпімен басып шығарып, бір-екі жылдың ішінде оны тағы латынға көшіріп басу мүмкін емес, көп ақша кетеді. Сол үшін 2019-2020 жылдары латын әліпбиінде оқытуды бастауымыз керек. Бұл ұсыныспен Үкіметке шықтық. Олар қолдап жатыр», - деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта оқулықтарды латын әліпбиіне аудару үшін төрт арнайы топ құрылып, жұмыс істеп жатыр. Оның екеуін Ерлан Сағадиевтің өзі басқарады.

«Төрт топ Премьер-министрдің төрағалығымен өтетін ұлттық комиссияға қарайды. Комиссияға жұмыстарымызды көрсетіп, ұсыныстарымызды айтып отырамыз. Төрт топ бірнеше ай жұмыс істеп, бес айдың ішінде соңғы нақты шешімге келуі тиіс. Сонда жаздың басына келеміз. Уақыт өте тығыз болса, дайындалған жаңа оқулықтар сараптамадан өтпесе, біз нөлінші сыныпты латын әліпбиінде оқытуды 2019 жылы пилоттық жоба ретінде бастаймыз. Мұндай жағдайда толықтай 2020 жылы енгізілетін болады», - деді министр.

Оқулықтар уақытында дайындалса нөлінші сыныпты латын әліпбиінде оқыту келер жылдан басталмақ.

«Комиссия жұмысты аяқтайды деп сенеміз. Егер үлгермейтін болсақ, 2020 жылы енгізетін боламыз. 2019 жылы әр өңірдегі екі-үш мектеп, балабақшаға пилоттық жоба ретінде енгізуге болады», - деді ол.


Назерке Абибулла
17 қаңтар 2018 ж. 1 334 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031