» » "Өзіме жала жаптым": Сотталған департамент басшысы өз жауаптарынан бас тартты

"Өзіме жала жаптым": Сотталған департамент басшысы өз жауаптарынан бас тартты



Істі болған Ұлттық экономика министрлігінің департамент басшысы Асланбек Жақыпов өз кінәсін мойындаған жауаптардан бас тартуға шешім қабылдаған. Бұл туралы оның қорғаушысы сот отырысы барысында мәлімдеді. Сотта айыпталған шенеуніктің апелляциялық шағымы қарастырылып жатыр деп хабарлайды Bnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Адвокат сот отырысы барысында сотталған Жақыповтың үндеуін оқып, оны іс материалдарына қосуды сұрады.

"Ол (Жақыпов- ред) бұған дейін істемеген қылмысын жасадым деп мойындап, өзіне өзі жала жапқанын мәлімдейді.Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің қысымымен істеген. Ол бірінші сот инстанциясындағы сотқа дейінгі тергеу кезінде берген барлық жауаптарынан бас тартып отыр. Сонымен қатар, ол сот тергеуін жүргізіп, оның дәлелдерін тыңдауды сұрайды" , - деді қорғаушы.

Оған қоса, сотталған шенеунік соттан тағы бір қорғаушысын тіркеуді сұрады. Енді Асланбьек Жақыповты адвокатымен қатар әкесі Жақыпов Қуандық қорғамақ.
Сотталған департамент басшысының әкесі өзінің заңгер әрі екі жоғарғы білімі бар екенін айтты. Сонымен қатар, ол 35 жылдық тәжірибесі бар екенін де ескеріп өтті. Айта кетерлігі, Қуандық Жақыпов запас полковнигі болып табылады.
Сот Асланбек Жақыповтың шағымын қанағаттандырып, жаңа қорғаушы іс материалдарымен танысып үлгеру үшін келесі отырысты 17 шілдеге тағайындады.
Айта кетейік, Жақыповты жемқорлық қылмысы үшін үш жылға соттады.




12 шілде 2019 ж. 1 884 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930