» » Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген

Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген

Алаяқтықпен айналысуға қолайлы жағдай жасағаны үшін бұрынғы түрме бастығы күдікке ілінді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы түзету мекемесінің бұрынғы бастығы лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікке ілінді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының  департаменті түзету мекемесінің бұрынғы бастығының заңсыз әрекетін анықтады. Ол өзінің лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдаланып, сотталғандардың біріне жазаны өтеу үшін қолайлы жағдай жасаған.

«Бақылаудың болмауына байланысты сотталған ер адам алаяқтық жасап, ипотеканың бастапқы жарнасы ретінде ақшасын сеніп тапсырған 500-ден астам азаматтың 128 миллион теңгесін иемденген. Тергеу әлі жүріп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, биыл 31 мамырда Тараз қалалық соты Жамбыл облысының пенитенциарлық жүйесінің басшыларын пара алғаны үшін бас бостандығынан айырған болатын. Осы салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілері республиканың басқа облыстарында да анықталып жатыр.



sputniknews.kz

04 маусым 2019 ж. 643 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930