» » Қызылорданың бас санитар дәрігері қарамағындағылардан пара алып келген

Қызылорданың бас санитар дәрігері қарамағындағылардан пара алып келген

Қызылорда облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы - облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері қарамағындағы дәрігерлерден жүйелі түрде пара алғанын мойындады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының м.а. - облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің парақорлық фактісін анықтады. Ол қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін қарамағындағы аудандық бөлімшелердің басшыларынан 30-50 мың теңге аралығында жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікті атанды», - деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшысы Арман Бердалин елордада өткен брифингте.
 Сондай-ақ, күдікті санитарлық талаптарға сәйкестік туралы оң шешім шығару үшін жеке балабақша өкілінен 150 мың теңге сомасында пара алған. «Күдікті кінәсін толық мойындады. Тергеу жұмыстары жалғасуда», - дейді Арман Бердалин.
05 сәуір 2019 ж. 708 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930