Түркістан облысында 3 жасар қыз арыққа батып кетті
Түркістан облысында 3 жасар қыз арыққа батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың хабарлауы бойынша, оқиға кеше сағат 22:30 шамасында Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскер ауылында болған.
2016 жылғы қыз үлкендердің қарауынсыз қалып, жеке тұрғын үйдің жанындағы арыққа құлап, суға батып кетті.
"Құрметті тұрғындар, ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Су айдындарында, жолда, үйде балаларды қадағалаңыз, оларды қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйретіңіз. Өйткені балаларды аз уақытқа қалдырып, олардың өмірлеріне қауіп төндіресіз", - деді ресми өкіл.
kaz.tengrinews.kz