Қажылыққа әйелдер жалғыз бара алмайды
Биыл өңірлер арасында Түркістан облысынан қажылыққа баруға ниет білдірушілер саны көп.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб-мүфти Наурызбай Өтпенов қажылық виза кімдерге берілмейтінін түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.
Наиб-мүфти Наурызбай Өтпенов қажылық сапарға бару үшін ең әуелі ниеттенген адамның мұсылман болуы керектігін айтады.
«Виза бойынша арнайы шектеу жоқ. Біздің тәжірибемізде Сауд Арабиясы тарапынан қажылық визаға берген өтінішті қайтарған жағдай болып көрген жоқ. Ең әуелі, қажылыққа барғысы келген адам мұсылман болуы керек. Тек әйел адамдар жалғыз барғысы келсе, виза соларға ғана берілмейді. Яғни, оның жанында ертіп жүретін туысқан ер адам немесе күйеуі болуы шарт», - деді мүфтият өкілі.
Оның айтуынша, қажылыққа барғысы келетін отандастарымыз көп болғанымен, нақты мүмкіндігі бар адамдардың саны шектеулі.
«Негізі Сауд Арабиясы ел тұрғындарының 10 пайыздық көрсеткішіне дейін рұқсат квота бөледі. Әзірге біздің елде ниетіне мүмкіндігі сай адамдардың саны 3200 болып отыр», - деді Наурызбай Өтпенов. Еске салсақ, жыл басында қазақстандықтарды қажылыққа апаратын екі әуе компаниясы бекітілген болатын. Биыл өңірлер арасында Түркістан облысынан қажылыққа баруға ниет білдірушілер саны көп.
ERNUR.KZ