» » 150 млн теңгені иемденген Ақтөбе шенеуніктеріне үкім шықты

150 млн теңгені иемденген Ақтөбе шенеуніктеріне үкім шықты



Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасының басшысы мен орынбасары Қуанышев және Қанаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды деп хабарлайды жемқорлықпен күрес қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, аталған тұлғалар өздерінің қызметтік лауазымын пайдаланып, бір топ адамдармен бірге жекеменшік компания өкілдерінің сенімдеріне кіріп, жобалық, қарау және құрылыс-монтаждау жұмыстары лицензиясын ескі нұсқадан электрондық түріне өткізу үшін 150 млн теңгеден астам ақшаны иемденген.

16 шілде күні Ақтөбе қаласы № 2 соты үкімімен Қуанышев пен Қанаев алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Олардың екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды.





18 шілде 2019 ж. 489 0