» » 300 мың теңге пара алған аудитор сотталды

300 мың теңге пара алған аудитор сотталды

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары парақорлық қылмысы бойынша бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері бұдан бұрын облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Х.Үкібаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтаған болатын. Үкібаев осы жылдың наурыз айында білім саласындағы кешенді аудитте оң қорытынды жасап бергені үшін Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысынан 300 мың теңге пара алған», - делінген агенттіктің хабарламасында.
 Мұғалжар аудандық сотының үкімімен Х. Үкібаев 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталушы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымда еңбек ету құқығынан айырылды.  




19 маусым 2019 ж. 783 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031