» » Шымкенттегі оқу орнының спортзалында есірткі тұтынатын притон ұйымдастырылған

Шымкенттегі оқу орнының спортзалында есірткі тұтынатын притон ұйымдастырылған



Тергеу жүріп жатыр.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала университеттерінің бірінің спортзалында есірткі затын тұтыну үшін притон ұйымдастырылғанын анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтынын хабарлады Шымкент қаласының Полиция департаменті.



ERNUR.KZ
19 шілде 2019 ж. 595 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930