» » «ДОПИНГ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«ДОПИНГ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Қазақстан Республикасы ІІМ-нің операциялық жоспарына сәйкес Қызылордада «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шара 26-30 наурыз аралығын қамтиды. Мақсаты – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау. Бізге бұл туралы Қызылорла ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
  Шараға есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалды полиция, сондай-ақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармалары мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылуда.
  Арнайы шара аясында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласында шаруашылық ететін субъектілер тексеріліп, дәріханаларда, қоймаларда, емдеу-профилактикалық мекемелерде, өндіріс орындарында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.
  Жоғарыда айтып өткеніміздей, аталған шара наурыз айының 30-на дейін жалғасады.



https://kyzylorda-news.kz
28 наурыз 2018 ж. 1 033 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930