» » 19 шетелдік ел аумағынан аластатылды

19 шетелдік ел аумағынан аластатылды


20-22 ақпан аралығында облыс аумағында шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алатын заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көруге бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараға ОІІД-нің 353 қызметкері жұмылдырылып, көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайлары, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде, шараның 1 күнінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) 131 шетел азаматы анықталып, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны (ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы) үшін 9 ҚР азаматына, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 519-бабы) 4 Қазақстан Республикасы азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
 Республика шекарасын заңсыз кесіп өткен Өзбекстан Республикасының 1 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, Қырғызстан Республикасының 3 азаматы және Өзбекстан Республикасының 16 азаматы республика аумағынан аластатылды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген 61 шетелдіктің Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімдері қысқартылды.


Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
22 ақпан 2018 ж. 1 037 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031