» » 10 күнде 539 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

10 күнде 539 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды


Қызылорда облысы көлемінде 2018 жылғы 22 қаңтар – 18 ақпан аралығында өткізіліп жатырған «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасының 10 күндігінде 539 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 590.9-бабымен (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 36 автокөлік, жылдамдықты шамадан  асырғаны үшін 33 автокөлік, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған 8 автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарудың 24 дерегі, рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат берудің 1 дерегі тіркеліп, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқарғаны үшін 2 жүргізуші автокөлік жүргізу құқығынан айырылды.
Атап өтерлік жайт, аталған іс-шара Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізіліп, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілген деректерді анықтауға бағытталып отыр.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

05 ақпан 2018 ж. 938 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 11:51
In Canada Propecia Conception Baclofene Traitement buy viagra online Cialis 20mg Prix Pharmacie

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 13:59
Cialis Verona Does Amoxicillin Treat Urinary Tract Infections viagra online Real Secure Ordering Hydrochlorothiazide Website Next Day Delivery I Europharmacy Amoxicillin 350mg Tid For 7 Days