» » Азаматтық істердің бір бөлігі нотариусқа берілді

Азаматтық істердің бір бөлігі нотариусқа берілді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы

Бұрын соттар қарайтын азаматтық істердің бір бөлігі нотариустарға берілді.

Меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін енді нотариустар қарастыратынын көздейді. Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы, еңбек ақысын өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариалды куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы талаптар және басқалар.

Бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сот әуре-сарсаңын болдырмайды.

            Сонымен қатар, балаларды асырауға алимент өндіріп алу, медиативтік келісімдерді орындау туралы және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралатын болады, онда қарау және шешім шығару мерзімі үш күнмен шектеледі.
         Тиісті түзетулер Азаматтық процестік кодекске және «Нотариат туралы» Заңына меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заң шеңберінде енгізілді.
         Мемлекеттік мұқтажына алынатын жер учаскелері енді нарықтағы бағамен есептеледі.
         2019 жылдың 21 қаңтарында Президент меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған болатын.
         Заңға сәйкес, енді мемлекет мұқтажына арналған жер учаскелері нарықтық бағамен алынады. Қазіргі уақытта алынатын жер учаскелерінің бағасы кадастрлық құнмен немесе азаматтық-құқықтық келісім шартта көрсетілген баға бойынша белгіленген, сондай-ақ, соттың шешімімен белгіленген бағамен алынатыны айтылды.

Бұдан бөлек, заңнамада меншік иесінен жер учаскесін алуға кететін шығындарды әкімдіктердің өз мойнына алатыны айтылды. Осылайша, заң жобасына енгізілген түзетулер азаматтардан алынатын жер учаскелері үшін кететін шығындардың әділ өтелуіне бағытталған.

         Осы мақсатта «Жер кодексі» мен «Мемлекеттік мүлік» туралы заңдарға қажетті өзгертулер енгізілген.
            Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн айрықша жағдайларда, меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүлiктің тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін.
Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы (мемлекеттен сатып алынған немесе сатып алынбаған жер пайдалану құқығымен) жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады.
      Жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару, егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алған болса, жер пайдалану құқығын сатып алғаны үшін төлемақы құны жер пайдаланушыға өтеле отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ оның қалауы бойынша осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
      Егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, оған осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнына басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
      Бұл ретте жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылған кезде жер пайдаланушыға шығынды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылады.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында "қамтамасыз етуге берілген," деген сөздер "және (немесе) микрокредит беру туралы шартты қамтамасыз етуге берілген" деген сөздермен ауыстырылды;
       Сонымен қатар, осы Заңның 53-бабы мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылды:Жылжымайтын мүлік объектісіне заңдық талаптарды алып тастау мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша мынадай жағдайларда:
      1) егер заңдық талапты тіркеуге негіз болған мән-жайлар жоққа шығарылса;
      2) мүдделі тұлғаның өтініші бойынша және заңдық талап қоюға бастама жасаған тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады.
      Егер заңдық талап мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл өткен соң алынып тасталмаса, онда заңдық талапты мемлекеттік тіркеудің күші жойылады.
      Тіркеуші орган бұл жөнінде өтініш берушіні көрсетілген мерзім өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
      Мүдделі тұлғалар заңдық талапты тіркеуді ұзарту туралы өтінішпен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін жүгіне алады.
      Көрсетілген мерзімнің өтуі жылжымайтын мүлікке заңдық талапты қайта тіркеу үшін өтініш жасауға кедергі келтірмейді.

Аудандық әділет басқармасының басшысы Қ.Бөлембаев

20 шілде 2019 ж. 550 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930