» » Екі сарбаз жарылған гранатадан жарақат алды

Екі сарбаз жарылған гранатадан жарақат алды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан №99116 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі екі сарбазы жарылған гранатадан жарақат алған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы Данияр Әлжанов өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Министрлік өкілінің мәліметіне қарағанда, №99116 әскери бөлімінің қос сарбазы С. Кошелев пен Б. Жаманбаев оқу полигонындағы оқу-жаттығу кезінде жарақат алған.
«Қазіргі уақытта құзыретті органдар тергеу жүргізуде. Оқиға орнында әскери-құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, әскери қызметшілер қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан жарақат алған. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша ертең С. Кошелевті әскери бортпен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізу жоспарланған», - деп жазды Данияр Әлжанов.
21 шілде 2019 ж. 731 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 840

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031