Тұлпардың тұяғы еді
(Эссе)
I
Қазақта «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген аталы сөз бар. Осы мерзім ішінде әлемде көптеген тарихи өзгерістер болды. Ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған еліміздің егемендігіне қолымыз жетті. Бұл жылдар ішінде қазақтың ұлан ғайыр даласында қаншама таңғажайып өзгерістер болды десеңізші! Сарыарқада жаңадан Нұр-Сұлтан қаласы өмірге келіп, бүкіл әлемді таң қалдырып өсіп келеді. Мұндай өзгерістер Қазақстанның әрбір ауылында болып жатыр. Мәселен, бұрынғы Коммунизм совхозы бүгінде Мөрәлі Шәменов ауылы деп аталады. Ауылдың қақ ортасында ауыл шаруашылығының майталманы атанған Мөрәлі Шәменовтің биік тұғырда орналасқан ескерткіш мүсіні тұр. Оның артында зәулім мешіт бой көтеріп, құрылысы аяқталып келеді. Жалағаш кентінің орталық бір көшесі Мөрәлі Шәменовтің атымен аталады.
Ағамыз әскер қатарына 1939 жылы алынып, Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысады. Бұйрық бойынша 1945 жылдың мамыр айынан бастап, 1946 жылдың аяғына дейін Германиядағы Бойценбург қаласының коменданты (әкімі) болып қызмет атқарады. Оның мұндай жауапты жұмыс жасауына орыс тілі мен неміс тілін таза білуі шешуші рөл атқарса керек. Сонымен елге Ұлы Отан соғысының I, II дәрежелі «Отан соғысы» үш орденімен, екі «Қызыл Жұлдыз» орденімен және төрт жауынгерлік медалімен оралады.
Ол жайлы мақалалар өзі барда талай рет барлық деңгейдегі газет беттерінде жарияланған, республикалық журналдарда басылған, кітаптардан да орын алған. Ең бастысы, Еңбек Ері болмаса да Еңбек Еріндей еңбек еткенін айтып, халық уақытында өз бағасын берген.
Кезінде Мөкең ақын Әбділда Тәжібаевпен сыйластық, достық қарым-қатынаста болыпты. Қызылордаға келсе Мөкеңнің үйіне соқпай қайтпайтын болған. Екі алыпты (бірі еңбек ұйымдастырудың алыбы болса, екіншісі жырдың алыбы) жақындастырған қандай құдіретті күш десеңші?!
Ақын Әбділда Тәжібаевтың 1981 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан бес томдық шығармалар жинағында «Жол дәптерінен» деген жазбасында:
– Мөрәлі түрегеп жүріп-ақ ұйықтайды.
– Мөрәлі жолда емделеді.
– Шаршамайтын, шалдықпайтын Мөрәлі.
– Ағасызға аға, жағасызға жаға Мөрәлі.
– Мөрәлі айтпайды, айтса қайтпайды.
– Өз ақылың жетпесе Мөрәліден сұра.
– Мөрәлі көргенін ұмытпайды, есіткенін ұмытпайды, уәдесін ұмытпайды.
– Мөрәлі кесірленсе трактор да қозғай алмайды...
– Иеміз де Мөрәлі, киеміз де Мөрәлі еді ғой.
– Бір жігіт өрге сүйресе, Мөрәлідей-ақ сүйрер.
– Дауылда да тынбайтын, жауында да тынбайтын Мөрәлі еді...
– Темірден қатты, жібектен жұмсақ еді.
– Түсінгіш еді, ісінгіш емес еді.
– Тастай берік, гүлдей нәзік еді Мөрәлі.
– Мөрәлі ұялшақ пен сұраншақты ұнатпайтын.
– Аянбай жанды, жанып болды да бітті ғой, жігіт! – деп жазған-ды.
Екі алыптың достығының құпия сыры тереңде жатқандығы жоғарыда айтылған әңгімеден-ақ аңғарылып тұр емес пе?!
Ал, біздер, Мөрәлі ағамыз жайлы қарапайым тіркестермен айтатын болсақ, совхоздардың өзара еңбек жарысы кезінде ол басқарған шаруашылық өзгелерден оқшауланып тұлпардай шаңына ешкімді де ерітпей жарыстың қай саласында болмасын экономикалық, мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайдың биік межесінен көрініп, жүлделінің нағыз бастаушысы болып, озаттардың нағыз озаты атанып, әуелі ауданға, одан облысқа, сосын республикаға, тіптен атақ-даңқы Одаққа, Мәскеуге дейін жетіп Коммунизм совхозының туына одақтың «Еңбек Қызыл Ту» ордені тағылған еді.
Бұл облыс тарихында бірінші жаңалық, бірінші құрмет, бірінші марапат болды.
II
Ел ағасы атанған Мөрәлі ағамыз жан-жары Ақшонық апаймен екеуі өмірге жеті бала әкелген. Олардың бәрі де егеменді еліміздің айтулы азаматтары болды. Ендігі біздің әңгімеміз төл басы Айтмұрат жайлы болмақ.
Алайда айтарымыз оқырман қауымға түсінікті болу үшін алдымен оның қысқаша өмір деректерінен бастасам деймін.
Айтмұрат Мөрәліұлы 1949 жылы туған. 1971 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын «Қызылорда строй» тресіне қарасты «Промстрой» мекемесінде қарапайым жұмысшылықтан бастап, 1971-1977 жылдар аралығында мастер, прораб, учаске бастығы болып жұмыс жасады.
Одан кейін 1977-1986 жылдары ПМК-27 және «Риссовхоз строй» тресінің басқарушысы болады.
Ал 1986 жылдан 1998 жылдар ішінде «Совхозстрой» тресінің бас инженері, «Қызылорда мелиорация» бірлестігінің бастығы, «Қызылорда строй» тресі басқарушысының орынбасары, Қызылорда қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Облагропромстрой» бірлестігінің бастығы қызметтерін абыроймен атқарған болатын.
Құрылысшы болуды қалап алған Айтмұрат Мөрәліұлы үнемі оның қыры мен сырын меңгеру, оның сапалы жүзеге асырылуын, сәнді болуын жұртшылықтың салынған құрылысқа реніш тудырмайтындай дәрежеде іске асырылуын құрылыстың ең басты көрсеткіші деп қарады. Құрылыстың қайнаған бел ортасында жүріп, өзінің еңбексүйгіштігін, білікті маман, іскер ұйымдастырушы екендігін әріптестеріне көрсете білді.
Қай жұмысты атқарса да қызметтің дәрежесіне қарамай оны үлкен-кіші демей бәрінде аса жауапкершілікпен жүргізіп, сенімділік дәрежесіне көтерілді. Соның нәтижесінде қызмет бабында үнемі жоғарылау аясында болды.
Ол облыстың құрылыс салу жұмыстарына белсене қатысқан. Кәсіби құрылысшының айтулы бірі болды.
Мәселен, Қызылорда қаласындағы ЦКЗ, ТЭЦ-6 (екінші кезеңі), құс фабрикасын, сүт зауытын, жөндеу-механикалық зауытын, «Рис Маш» зауытын салу жұмыстарына қатысты.
Жалпы өткенге көз жүгіртіп қарап, тарих беттерін парақтайтын болсақ, Жалағаш ауданында қай бағытта болса да құрылыс салу жұмысының ең қарқынды жүргізілген мезгілі, әсіресе, 1975 пен 1985 жылдар аралығына тұспа-тұс келеді. Осы аталған жылдары аудан совхоздарында салынған үлкенді-кішілі құрылыстар жайлы бүгінгі ұрпаққа білсін деп жеткізіп айтатын болсақ, ол кезде де асқаралы істердің атқарылғандығына көз жеткізуге болады. Мысалы, әңгіме етіп отырған мерзім ішінде аудан совхоздарында типтік жобада үш клуб, 6 мектеп, 6 балалар бақшасы, 3 монша, ұзындығы 24 км су құбыры, 3 км асфальт жолдары, көшелер, он бір совхозда 51520 шаршы метр тұрғын үйлер және басқа да обьектілер қолданысқа берілді. Бұлар мәдени тұрмыстық саладағы атқарылған жұмыстар.
Осы мерзім ішінде өндірістік бағыттағы іске асырылған обьектілер де қарқынмен жүргізілді. Атап айтатын болсақ, Калинин, Қазақстанның Ленин комсомолы, Аққұм, Таң, Мәдениет совхоздарында мүйізді ірі қара малына арналып ірі комплекстер, алты күріш совхозында (зерноток) астық қабылдау қырманы, 11 совхозда жем-шөп дайындау цехы, сүт өндіретін совхоздардың барлығында сүт өңдеу цехтары салынып, тұрақты түрде жұмыс жасады.
Осы құрылыс нысандарының уақытылы салынып бітуіне Айтмұрат Шәменов жетекшілік жасаған ПМК-27 мекемесінің үлес салмағы үлкен еді.
Тағы бір айтуға тұрарлық жетістік, сол жылдары ПМК-27 мекемесінің есебінен Жалағаш кентінің тұрғындарына арнап 140 орындық балабақша, 2 екі қабатты үйлер салынып берілген-ді.
Жалпы Жалағаш ауданының экономикасы мен мәдени-тұрмыстық жағдайын уақыт талабына сай көтеруде ПМК-27 мекемесін басқарған кезде Айтмұрат Мөрәліұлының қосқан үлесі мол.
1998 жылы облыс әкімінің орынбасары қызметіне жоғарылады. Бұл қызметте оған оның бұған дейінгі шаруашылық қызметіндегі және ұйымдастыру жұмыстарындағы жылдар бойы жинаған тәжірибесі көмектесті.
Дәлірек айтсақ, қаланы жылумен, электр жарығымен, ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына тиянақты басшылық жасап, қаладағы қираған ТЭЦ-6 жылу орталығының басында тікелей өзі тұрып, қысқы маусымға жеткізбей іске қосты. Осы атқарған жұмыстарын қала халқы әлі күнге дейін айтып жүр.
Мұны бүгінгі жас ұрпақтың білгені жөн. Оның үстіне биыл «Жастар жылы» екені белгілі. Алдыңғы буынның атқарған өнегелі істерінен хабардар болу, оны естеріне түйе білу, соған қарап бой түзеу тәрбиенің үлкені. Өткенді білу – ұрпаққа парыз деген осы.
Осы тұста атадан балаға ежелден айтылып келе жатқан:
– Таудан аққан тас бұлақ,
Құймай қоймас теңізге.
Жақсы әкеден туған ұл,
Тартпай қоймас негізге, – деген өлең жолдары еске түседі. Әрине, бұл теңеу заманында Айтмұрат сынды азаматтарға арнап айтылғандығы айтпаса да түсінікті.
III
Ол 2000 жылдан бастап өмірінің соңғы күніне дейін, яғни 2014 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысты. «ШАМ», «Қызылорда-интеграция», «Наурыз-Қызылорда» сияқты мекемелерді басқарып, жеке және мемлекеттік әріптестік аясында облыс, Қызылорда қаласының экономикасы мен Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне өз үлесін қосты.
Адамды алға жетелейтін арман дейтін. Ол Жалағаш кенті жанынан ет, сүт, қымыз, шұбат өндіруді іске асыру, Қараөзек арнасының екі жағасының және бұрынғы Құлжан, Ақшал фермасы орналасқан орталықтарының шабындығын толық игеріп, тұрғындарды мал азығымен қамтамасыз ету бағытында жұмыс бастағалы жүргенде дүниеден озды.
Өзі білімді, айтар сөзі сауатты, ойы анық, не нәрсені болса да ашық айтып іске асыра білетін қабілет иесі еді. Сөзге тұрақты, ісіне берік еді. Жастайынан отбасынан алған тәрбиесінің ықпалынан жақсыларға қарап бой түзейтін, замандастарынан еңбекте де, қарапайым өмірде де ерекшелеу көрінетін. Бастаған жұмыстың бағын жандырып жүргізетін. Ол жан-жақты сауатты, кәсіби білікті, жаңаны қолдаушы мықты ұйымдастырушы бола білді.
Аспайтын, таспайтын, келген адамға құрметпен қарайтын. Алдынан ешкім ренжіп шықпайтын. Жылдар жылжып өтер. Көп нәрсе естен шығып, ұмытылар. Бірақ құрылыстарды салған адамдардың есімдері әркез еске алынады. Халқымызда:
«Аттың жақсысын қазанат,
Жігіттің жақсысын азамат», – дейтін нақыл сөз бар. Айтмұрат та өзі еңбек еткен ортасынын елінің айтып жүретін осындай атпал азаматы болды.
Оның тағы бір қыры, яғни ерекшелігі еңбек ете жүріп, жас инженер-құрылысшы мамандардан басқарушы кадр дайындауды да назардан тыс қалдырмағандығы. Оларға өз кезегінде үнемі қамқорлық көрсету, құрылыс салуды үйретумен жауапкершілікке тәрбиелеу арқылы, сатылап өсірулеріне ықпал жасады. Соның арқасында ол шәкіртке бай басшы атанды.
Атап айтатын болсақ, олардың қатарына кешегі әр деңгейдегі құрылыс мекемелерін басқарған, бүгінде облыс аумағына танымал болған кәсіпкерлер: Көркембай Ермекбаевты, Әбуләйз Әбжәлеловты, Сәндібек Мыхановты және «Интегрострой» ЖШС төрағасы Бақдәулет Ысқақов пен «Айдан-Мұнай» ЖШС-тің төрағасы Қабыл Жанұзақовты жатқызуға болады. Бұлар: «ұстазы мықтының ұстанымы мықты болады» деген аталы сөзді берік ұстағандар.
«Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп данышпан Абай айтқандай, Айтмұраттың достары, еңбектес жолдастары, сыйлас азаматтары көп болатын. Мысалы, мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенкомен тығыз, сыйластық, достық қарым қатынаста болды. С.Терещенко “Nur Оtan” партиясының орынбасары болған кезде Айтмұрат облыста партияны құруға белсене қатысып, оның алғашқы мүшелерінің бірі болды. Сөйтіп, ол өзінің қоғамшыл, отаншыл, жаңалыққа жаны құмар азамат екендігін көрсеткен-ді.
Қай қоғамда да, қай уақытта да өндірісті, құрылысты, шаруашылықты ұйымдастырып, алға жетелейтін, үлкен істің бастаушылары елдің мақтанышына айналған азаматтары болғандығы баршамызға аян.
Боямасыз баяндағанда облыс бойынша сан мыңдаған адамдар еңбек еткен құрылыс саласын басқаруда өзіндік қолтаңбасы бар Айтмұрат Мөрәліұлының егемендік алған уақыттың алғашқы қиын кезеңінде Шәменов ауыл округінен Мәдениет үйін, үш қабатты орта мектеп құрылысын, қазіргі кезде шаруашылық пайдаланып отырған фундаменті екі қабат құрылысқа арналып салынған кеңсе үйін және уақыт талабына сай келетін екі қойма құрылысын салғандығын, оны бүгінде халық игілікке пайдаланып отырғандығын еске алып айтудың артықшылығы бола қоймас деген ойдамыз. Сол сияқты ауыл тұсынан өтетін үлкен жолдың бойындағы «Ауыл паспорты» мен «Жолаушылар аялдамасы» да сол кезеңнің үлесіне тиетін құрылыс екендігін білгеніміз жөн.
Туған жерге болсын деп ойлайтын азамат сонау бір жылдары Шәменов ауылынан мешіттің іргетасын қалауды бастаған еді, сол мешіт осы жылдың 27 шілдесінде халық игілігіне беріледі.
Шаңырақтың алтын қазығы болған жан-жары Әлима да текті әулеттің ұрпағы. «Бір жақсы, бір жаман әр жерде бар,
“Екі жақсы қосылған қай жерде бар”, – демекші екі жақсыдан дүниеге келген балалары: Сәуле, Әділбек, Шамұрат бүгінде әке өмірін одан әрі жалғастыруда. Атам қазақ:
– Әкеден артық дана жоқ,
Әкеден артық пана жоқ,
Әкеден артық орман жоқ
Әкеден артық қорған жоқ, -
деген емес пе?!

Шыңғыс Айбосынов,
Қазақстан Журналистер одағы мен
Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі,
ауданның Құрметті азаматы