Татамидегі тартыс
Өткен сенбіде ауданның ауыл шаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменов атындағы дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Дәстүрлі шараны аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, туған жердің көркеюіне, ауыл шаруашылығының өркендеуіне саналы ғұмырын сарп еткен, болмысы ерен тұлғаның өмір жолына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мөрәлі Шәменұлы – өзінің үлгілі ісімен елге елеулі еңбек етіп, аты аңызға айналған, беделі биік ірі тұлға, заманының іскер басшысы, ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы. Оның өмірі мен еңбек жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Баршаңызды Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Танымал тұлға өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына мол үлес қосқан азамат. Соғыстан күйзелген шаруашылықтардың ішінде артта қалған Молотов атындағы колхоздың талпынып алға ұмтылуы, аз уақытта алға суырылып шығып, кейін «Коммунизм» совхозының бүкіл республикаға белгілі болуы, бұл сөз жоқ, іскер басшы, ауыл шаруашылығының білгірі, туған жерін шын жүрегімен сүйетін шебер ұйымдастырушы Мөрәлі Шәменовтің еңбегі. Өткенді білмей, болашақты баянды ету мүмкін емес. Саналы ғұмырын мемлекетіміздің өркендеуіне, туған жеріміздің көркеюіне арнаған тұлғаларды өскелең ұрпақ білуі қажет, – деді аудан басшысы.
Палуандар арасындағы тартысты бәсекеде өңір басшысы ауданда спорт саласын дамыту бір жолға қойылғанын жеткізді. Сондай-ақ, соғыс және еңбек ардагері Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған турнир де жас спортшылардың қабілетін шыңдауға үлкен мүмкіндік екенін жеткізді. Шарада қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменовтің баласы Атамұрат Шәменов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов дзюдодан ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Жеңісбек Жақсыбек пен парадзюдодан әлем чемпионы Олжас Оразалыұлына алғыс хат табыстады.
Танымал тұлға атындағы турнир 1994 жылы облыстық деңгейде бастау алған еді. Кейін 2007 жылдан бастап, ауқымы кеңейген шараны республикалық деңгейде өткізу қолға алынды. Аталған сайыста талабын шыңдаған бірқатар жастар бүгінде тартысты бәсекелерде еліміздің, облыстың аудан абыройын асқақтатуда. Ал, биыл он екінші мәрте қолға алынған дәстүрлі турнирде еліміздің 8 облысынан және Астана, Шымкент қалаларынан 300 спортшы қатысып, 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді өзара сарапқа салды. Республикалық турнирде жүлделі орыннан бой көрсеткен қатысушыларға «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» атағы берілді.
«ЖЖ» ақпарат.