» » талантты спортшылар топ жарған турнир

талантты спортшылар топ жарған турнир


Өткен аптада Қазақстан Рес­пу­бли­ка­сының тұңғыш «Сұңқар» әскери-теңіз ке­ме­сінің командирі Болат Алтынбаевты еске алуға арналған дзюдодан рес­пу­бли­калық турнир өтті. Дүбірлі додаға елі­міздің бірқатар аймағынан спортшылар келіп, өзара мықтыны анықтады. Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Б.Алтынбаевтың еңбегі жайында естеліктер айтып, сайыс­тың маңыздылығына тоқталды.
– Қазақ елін әлемге танытып жүрген біртуар азаматтар аз емес. Соның бірі – жалағаштық жерлесіміз Болат Алтынбаев. Ол жас болса да қазақ елінің әскери күшін ілгерілетуге және ел абыройын асқақтатуға атсалысты. Ол тек қорғаныс саласында ғана емес, адамгершілік болмысымен де көпке үлгі бола білді. Бірнеше жылдан бері Болат Алтынбаевты еске алуға арналған турнир ұйымдастырылып келеді. Ондағы басты мақсат – өскелең ұрпақты патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ, осындай шаралар жанына спортты серік еткен жастардың келешегінен үміт күттіреді. Елбасы айтқандай дені сау, білімді әрі бойында патриоттық сезімі бар ұрпақ – еліміздің кемел келешегі. Сондықтан бүгінгі сайыстың өзіміз үшін де, еліміз үшін де маңызы ерекше. Осындай насихаттың арқасында келешек жастардың да елге қызмет етсем деп алдына мақсат қойып өсетіні сөзсіз. Бүгінгі турнирге 250-ге жуық жас спортшы қатысып отыр. Болашақта осы жастар еліміздің әлемдік сайыстарда абыройын асқақтатады деп сенемін. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін, – деді Қайратбек Әубәкірұлы.
Мұнан кейін бірқатар ардагерлер мен спорт саласының мамандары және қорғаныс саласының қызметкерлері Б.Алтынбаевтың ерлігі мен өмір жолынан естеліктер айтып, жастарға сәттілік тіледі. Дүбірлі додада республиканың бірқатар аймағынан келген жас спортшылар 9 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Шаршы алаңда 2004-2005 жылы туған жастар сынға түсті. 16 команданың ішінде Жалағаш жастары да бар.
Турнир барысында барлық команданың спортшылары мықты дайындалғанын дәлелдеді. Әсіресе, алматылық және Жаңөзен қаласынан келген жастардың аяқ алысы жаман емес. Екі күнге жалғасқан турнирде кіл мықтылар оза шауып, жүлделі орындардан бой көрсетті.
– Турнир өз дәрежесінде өтті. Осындай сайыстың өз жерімізде өтіп жатқанына және спортшы жастарға қолдау көрсететін ағаларымыздың барына қуанамыз. Ұйым­дастырушыларға алғысым шексіз. Шама-шарқымша аймақ абыройын асқақтатуға тырыстым. Қарсыласым да осал болған жоқ. Турнир барысында барлық спортшының мықты екенін өздеріңіз де көрдіңіздер. Сондықтан қай спортшыға да жүлделі орыннан бой көрсету оңай болған жоқ. Елімізде қазір спортқа қолдау көрсету қарқыны жоғары. Алдағы уақытта осындай сайыстар жалғасын тапса, әлемдік сайыстарда көк байрағымызды биіктен желбірететін спортшылар көптеп шығады деп ойлаймын ел ағаларына тағы да алғыс айтамын, – деді Данияр Сұлтанбек.

«ЖЖ» ақпарат.
10 сәуір 2018 ж. 1 462 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930