» » АРДАГЕР АТЫНДАҒЫ АЯҚДОП АЛАМАНЫ

АРДАГЕР АТЫНДАҒЫ АЯҚДОП АЛАМАНЫ

№31 мектеп-гимназияда кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай, соғыс ардагері Рашид Ниязовты еске алуға арналған шағын футболдан спорттық сайыс өтті.

Шараның ашылу салтанатына Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің қоғамдық кеңесі бірлестігінің төрағасы Мұрат Алдамбергенов пен Ауған соғысының ардагерлері, мектеп мұғалімдері, оқушылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Мектеп ұжымы әр жыл сайын Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың ерліктері мен патриоттық тәрбиесін жастарға насихаттауды дәстүрге айналдырған.
– Мақсатымыз – ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, Отан үшін отқа түсіп қыршыннан қиылған, жат жерде көз жұмған азаматтарымызды еске алу, ортамызға оралған жауынгерлердің ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, – дейді ұйымдастырушылар.
Жиында сөз алған ауданның қадірлі ақсақалы Мажит Ниязов ауған соғысына қатысып, ерлік көрсеткен ұлын еске алуға арналған сайыс жеңімпаздарына өзінің сый-сияпатын ұсынды. Тартысты өткен бәсекеде І орынды 10-сынып оқушылары жеңіп алса, одан кейінгі орынды 9-сынып командасы иеленді. Сондай-ақ, «Үздік қақпашы» номинациясымен Айдос Жұмабек марапатталса, Жанай Ахмет «Үздік шабуылшы» атанды. Ал, шаршы алаңда үздік өнер көрсеткен Нұрсұлтан Алмасқа «Үздік қорғаушы» дипломы табысталды.
Бүгінде ардагерлердің бірі жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәлім-тәрбие берсе, енді бірі шағын және орта кәсіпкерлік саласында ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосуда. Осы орайда, мектеп ұстаздары ардагерлерге болашақ ұрпақ, жастарды Отанды сүю, елжандылыққа тәрбиелеу ісіндегі азаматтық қызметтеріне алғыстарын білдірді.


Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
М.ТАБЫСБЕКҰЛЫ (сурет).

20 ақпан 2018 ж. 1 367 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 785

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031