» » АҒАЛАР ЕРЛІГІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

АҒАЛАР ЕРЛІГІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында кеңес жауынгерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай ардагерлермен кездесу өтті.

Басқосуға ауған соғысының ардагерлері, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері және медицина саласындағы жас мамандар қатысты. Шараны ашқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева жастардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін арттырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысушыларға алғыс білдіріп, ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл елдің тек өз ішіне ғана емес, сырт мемлекеттерге де өшпес қасірет әкелді. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысып, олардың арасында жалағаштық жауынгерлер де болды. Міне, арамызда жүрген ауған соғысының ардагерлері сол отты жылдардың куәсі, өз борышын мінсіз атқарған елдің нағыз патриот азаматтары.
– Біз әскери борышымызды өтеуге бардық. Әскерде жүргенімізде Ауғанстан еліне алып кетті. Оған дейін қайда баратынымызды да білген жоқпыз. Майданда жүріп, кеңес әскерлері сол жақтағы «Зуб» тауына шықты. Бұған дейін ешбір елдің жауынгерлері бұл тау шыңын бағындыра алмапты. Сол сәттерде 3-4 күнге дейін аш жүрген кездер болды. Әскерлерге азық-түлік жеткізіп беретін тікұшақ бірнеше метр биікте тұрып, жерге нанды тастағанда қолымызбен қағып алып, қатқан нанды қалдырмай тауысып қоятынбыз. Ол жақтағы өмірді айтып жеткізудің өзі қиын. Сондықтан, бүгінгі басты құндылығымыз – тәуелсіздіктің қадірін білейік, – деді ардагерлер. Сондай-ақ, жастарға Отанды сүю, тәрбие мен білім және отбасы құндылығы жайында әңгіме қозғап, оқушылардың сауалдарына жауап берді.
Шараның соңында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ауған соғысының ардагерлері жастарға үлгі болып, патриоттық тәрбие беруде белсенділік танытып жүргендерін айтып, партия филиалы атынан ардагерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады.


Нұрсұлтан АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Маханбет ТАБЫСБЕКҰЛЫ (сурет).


20 ақпан 2018 ж. 1 825 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930