» » ДӘУІМБАЙДА ТУРНИР ӨТТІ

ДӘУІМБАЙДА ТУРНИР ӨТТІ

Жуырда Дәуімбай елді мекені жастарының ұйымдастыруымен ересектер арасында шағын футболдан турнир өтті.
Талантты спортшы Құдайберді Медетбаевты еске алуға арналған, ауданда бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спорттық шараға кент жастары, Дәуімбай құрамасы және Қаракеткен құрамасы қатысты. Тартысты бәсекеге командалардың барлығы жоғары дайындықпен келген. Спортқа бет бұрған белсенді жастардың басын қосқан турнир өз дәрежесінде өтіп, аудан халқын бір серпілтіп тастады. Бір күнге созылған турнирде жергілікті тұрғындар аудандық футбол құрамасында 10 жылдай аудан намысын қорғаған, шахмат, жеңіл атлетикадан облыстық жарыстарда жүлделі орындардан көрінген Қ.Медетбаевты бір сәтке еске алып, «Айгерім» мейрамханасында ас берді.
Ересектер арасындағы шағын футбол нәтижесінде кент жастары І орыннан көрініп, 30 мың теңгеге ие болды. ІІ орын (20 мың теңге) Дәуімбай құрамасына бұйырса, ІІІ орынға (10 мың теңге) Қаракеткен құрамасы табан тіреді. Бұдан бөлек, «Үздік қақпашы» номинациясымен Н.Серікұлы, «Үздік мерген» номинациясымен А.Ахметов марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сый-сияпаттар табысталды.

03 ақпан 2018 ж. 1 103 0