» » ӘЛЕМНІҢ 50 ЕЛІ ҚАТЫСҚАН БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНГЕН АРАЙЛЫМДЫ АУДАН ӘКІМІ ҚАБЫЛДАДЫ

ӘЛЕМНІҢ 50 ЕЛІ ҚАТЫСҚАН БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНГЕН АРАЙЛЫМДЫ АУДАН ӘКІМІ ҚАБЫЛДАДЫ


Бүгін аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев жуырда Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында белбеу күресінен (еркін күрес) өткен ХІІІ әлем чемпионатында 66 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленген Арайлым Қанзаданы қабылдады. Ұлттық құрама сапынан 10 спортшы іріктеліп, ел намысын қорғаған дүбірлі додаға әлемнің 50 елінен спортшылар қатысқан. Кездесуде аудан әкімі Арайлымның қандай да бастамаларына қолдау білдіретіндігін айта келе, жуық арада Атырауда өтетін Қазақстан чемипонатына қатысқалы отырған спорт саңлағына сәттілік тіледі. 
Кездесу соңында білім мен спортты қатар алып жүрген жас спортшыға Қ.Әубәкірұлы аудан әкімінің Алғысын және сый-сыяпатын табыстады.
Айта кетейік, Арайлым екі дүркін дзюдодан Қазақстан чемпионы, белбеу күресінен Қазақстан чемпионы, Павлодар, Ақтөбе облыстарында өткен жасөспірімдер арасындағы Халықаралық турнирлердің 4 дүркін чемпионы, Ресей мемлекетінің Тверь қаласында өткен чемпионатта Еуропаға Кубок, Индия елінде өткен Азия чемпионатына қатысып, 7 орынды иеленген. 
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен белбеу күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын иеленген, спорт шебері.
12 қаңтар 2018 ж. 1 087 0