Түркістанда өткен халықаралық бокс турнирінде Бекзат Саттархановтың інісі жеңіске жетті
Түркістан қаласында қазақтың маңдайына сыймай кеткен боксшысы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 17-ші халықаралық турнир аяқталды. Аталмыш бәсекеде үш мемлекеттен 200-ге тарта спортшылар қатысты. Сайыста 5 салмақ дәрежесі бойынша қыздар да өз бақтарын сынап көрді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 17-ші халықаралық турнирде Сидней Олимпиада чемпионының інісі Бекзат Сейіл де 49 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ағасының жолын қуған жас спортшы намысты қолдан бермей, үздік бокшы атанды. Бір аптаға созылған байрақты бәсекеде мықты деген жас спортшылар қатысты. Елімізде өткен сайысқа жақсы дайындықпен келген боксшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздарды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев пен Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада мектебінің директоры Дәурен Тәңірбергенов марапаттады.
http://stan.kz
http://stan.kz