Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні (фото, видео)
Бүгін ел мақтанышы болған Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірге келген күні. Боксшының көзі тірі болғанда биыл 38 жасқа толар еді деп хабарлайды NUR.KZ.
Сидней Олимпиадасында ел туын көкке желбіретіп, небәрі 20 жасында чемпион атанған батыр ұл 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні жол апатынан көз жұмды. Бұл қазақ елі үшін орны толмас қасірет еді.
Қазақ боксшысы Бекзат Саттарханов халықаралық дәрежедегі және де Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. Жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бойынша Сиднейде өткен жазғы олимпиадада алтыннан алқа тақты. Ол 2001 жылға санаулы минуттар қалған сәтте Оңтүстік Қазақстан облысы, Темірлан трассасында автокөлік апатынан қаза болды.
Бекзаттың есімі әлемге танылады деп ата-анасына тіпті де ойламаған екен. Себебі үйінің кенжесі болған ол бала күнінде өте нәзік әрі әлжуаз болған. Бүгінде спортшының туып-өскен жері Түркістан қаласында Бекзаттың атындағы мөлтекауданы мен спорт кешені бар.
Сондай-ақ Бекзат туралы әндер жазылып, деректі фильм де түсірілді. Спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы арнайы кітап жазды. Фотоальбомдар жарық көрді.
https://kaz.nur.kz